
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің, Маңғыстау облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының және Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының, сондай-ақ мұнара және автомобиль крандарын пайдаланатын ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен «Маңғыстау облысының аумағындағы құрылыс алаңдарында жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қатысушылар кәсіпорындардағы өндірістік бақылау, мұнара крандарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау, нормативтік қызмет мерзімін өтеген крандарды тексеруге қойылатын талаптар, сондай-ақ туындаған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары талқылады.
Кеңес нәтижелері бойынша жүк көтергіш крандарды пайдаланатын ұйымдарға:
- құрылыс алаңдарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау;
- құрылыс мекемелеріндегі жауапты тұлғалар тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды күшейту;
- қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларды уақтылы техникалық куәландыруды жүзеге асыру;
- нормативтік қызмет мерзімі өткен техникалық құрылғыларды ауыстыру немесе оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін сараптама жүргізу және басқа ұсыныстар берілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті