
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «TechnologyАлемОйл» ЖШС-нің қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі мұнай және газ кен орындарын бұрғылау және мұнай және газ кен орындарындағы ұңғымаларды жер асты күрделі жөндеу болып табылады.
Тексеру барысында 7 қауіпті техникалық құрылғылар (көтергіш қондырғылар, автокран және «Қарабұлақ», «Майбұлақ», «Хайыркелды», «Кетеқазған» кен орнындағы мобильді жылжымалы бу қондырғылары) тексеріліп, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 32 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- көтергіш қондырғылардың және қосалқы бөлшектердің дефектоскопия актілерінің болмауы;
- көтергіш қондырғылардың және қосалқы бөлшектердің паспорттарын және сәйкестік сертификаттарын ұсынбауы;
- жұмыс орындарында жүктерді қоймаға жинау, жүктерді тиеу және түсіру бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған технологиялық регламенттің болмауы;
- жүк көтергіш механизмдерді жоспарлы-алдын ала жөндеудің 2022 жылға арналған кестесінің әзірленбегендігі және басқалар болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті