Қарағанды облысының құрылыс объектілерінде пайдалану кезінде мұнара крандарының аварияға ұшырауына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар

Қарағанды облысының құрылыс объектілерінде пайдалану кезінде мұнара крандарының аварияға ұшырауына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде мұнара крандарын пайдаланатын ұйымдардың және Қарағанды облысының Тұрғын үй инспекциясының өкілдерінің қатысуымен «Мұнара крандарын пайдалануға байланысты Қарағанды облысының аумағында авариялар мен оқыс оқиғалардың салдарынан авариялардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу» тақырыбында кеңес өтті.

Қауіпті техникалық құрылғыларды, мұнай-химия объектілерін және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Н.Н. Ештаев республика аумағында 2020-2022 жылдары мұнара крандарын пайдалануға байланысты құрылыс объектілерінде жүк көтергіш механизмдермен болған авариялар туралы айтып берді.

Кеңес барысында қатысушылар кәсіпорындардағы өндірістік бақылау мәселелерін (жүк көтергіш механизмдердің қызмет көрсетуші персоналына рұқсат беру және біліктілігі); монтаждау жұмыстарын, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және мұнара крандарын техникалық куәландыруды жүргізетін мамандандырылған ұйымдардың қызметін; нормативтік қызмет мерзімін өтеген крандарды тексеруге қойылатын талаптарды, сондай-ақ туындаған проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Кеңес нәтижелері бойынша жүк көтергіш крандарды пайдаланатын ұйымдарға:

  • аварияға немесе жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін анықталған ақаулар кезінде, сондай-ақ аттестатталған персонал болмаған кезде мұнара крандарының жұмысын дереу тоқтату;
  • қауіпті өндірістік объектінің қызмет көрсетуші персоналының теориялық және практикалық білімінің жоғары деңгейі;
  • олардың техникалық жай-күйіне бақылауды күшейту, жүк көтергіш крандарға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық куәландыруды уақтылы жүргізу және басқа ұсынымдар берілді.

Авария мен инциденттердің алдын алу мақсатында Департамент Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақтау қажеттілігі туралы мұнара крандарын пайдаланатын ұйымдарға түсіндірме хаттар жолдады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті