Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде мұнара крандарын пайдаланатын ұйым өкілдерінің қатысуымен «Қаланың құрылыс алаңдарында мұнара крандарын пайдалану кезінде авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қатысушылар қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу кестесін әзірлеу тәртібін, кәсіпорындардағы өндірістік бақылау мәселелерін, өндірістік бақылау журналын толтыру, мұнара крандарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарының сақтау мәселелерін, сондай-ақ туындаған проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Кеңес нәтижелері бойынша жүк көтергіш крандарды пайдаланатын ұйымдарға:
- мұнара крандарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаларының талаптарын сақтау;
- мұнара крандарының пайдаланылуына өндірістік бақылауды күшейту, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлерді сапалы даярлау және аттестаттаудан өткізуді қамтамасыз ету;
- мұнара крандарын техникалық куәландыруды, сараптаманы, жөндеуді, бөлшектеуді уақтылы жүргізу және басқа ұсыныстар берілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті