Әдеп жөніндегі уәкілдер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерін талқылады

Әдеп жөніндегі уәкілдер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерін талқылады

2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің алаңында «Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті (бейне-конференц байланыс құралдары арқылы).

Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының талаптарын бұзу фактілерін түсіндіру және болдырмау бойынша профилактикалық және тәрбие жұмысына ерекше назар аударылды.

Талқылауға Комитет қызметкерлері, аумақтық департаменттердің басшылары, сондай-ақ департаменттердің Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмеуге және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыратын контентті (фото, бейнежазбаларды) пайдалануға тиіс екенін атап өтті.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті