
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық бөлімшелері республиканың тау-кен-металлургия, көмір өнеркәсібі салаларына, сондай-ақ жарылыс жұмыстарын және өнеркәсіптік жарылғыш материалдармен жұмыс жүргізетін ұйымдарға қадағалауды жүзеге асырады.
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін 117 ұйым мемлекеттік қадағалауға жатады, сондай-ақ жарылғыш материалдарды сақтау жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер – 149, жарылғыш заттарды өндіру жөніндегі объектілер – 21, жарылғыш заттардың компоненттерін дайындау жөніндегі объектілер – 15.
2022 жылдың 8 айында 51 тексеру жүргізілді (2021 жылдың осы кезеңінде – 38, 34 %-ға ұлғайу), оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне сәйкес 30 тексеру (24, 25 %-ға ұлғайу), сондай-ақ 21 жоспардан тыс тексеру (14, 50 %-ға ұлғайу). Тексеру нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 260 бұзушылығы анықталды (259). Жол берілген бұзушылықтар үшін заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 4 058 475 теңгеге (5 201 950 тг., 28 %-ға төмендеу) 45 (45) әкімшілік айыппұл салынды.
Есепті кезеңде жарылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындарда авариялар мен инциденттер тіркелген жоқ.
Мемлекеттік инспекторлар 6 оқу дабылын және 8 қабылдау сынағын өткізуге қатысты.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті