2022 жылғы 31 тамызда әділет органдарында «Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 1206 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 814 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 44 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 59 бірлескен бұйрығы мемлекеттік тіркеуден өтті.
Бірлескен бұйрықпен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 92 бұйрығына (жаңа редакцияда жазылған), сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға («мүгедектерге» деген сөздер «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылды) сәйкес келтіру көзделген.
Ағымдағы жылғы 6 қыркүйекте бірлескен бұйрық электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланды.
Бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті