
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Есенеев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі В.В. Қаражалкиннің және Департаменттің жеке құрамының қатысуымен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А.Т. Әбілқасымов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
В.В. Қаражалкин семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен таныстырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң және толық басшылыққа алуы тиіс екендігіне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ ұжымды оң имиджді құруға және нығайтуға бағыттау мақсатында:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңнамасының, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаларын тұрақты негізде сақтауы;
- бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар болу;
- бөлім басшылары департамент қызметкерлерімен күн сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманын сақтау бойынша нұсқама өткізу және басқа ұсынымдар берілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті