Жезқазған қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев «Азаматтық қорғау қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және осындай бұзушылықтарға қарсы күрес әдістері туралы» тақырыпта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Н.Н. Сұлтановтың, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің жеке құрамының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында Н.Н. Сұлтанов «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес әдістері туралы. Қолданылатын жазалар түрлері. Мысалдар» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының нормаларын қарастырылды.
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң және толық басшылыққа алуы тиіс екендігіне ерекше назар аударылды.
Баяндамашыларды тыңдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша туындаған сұрақтар талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының, Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын тұрақты негізде сақтау;
- Мемлекеттік қызметтерді қатаң түрде бір терезе қағидасы бойынша көрсету ережелеріне сәйкес көрсету;
- бөлім басшылары департамент қызметкерлерімен күн сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманын сақтау бойынша нұсқама өткізу және басқа ұсынымдар берілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті