
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Шубарколь Премиум» АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі ашық әдіспен тас көмір кен орнын өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 53 объекті (ғимараттар мен құрылыстар, тау-кен учаскесі, технологиялық кешен, технологиялық көлік, жүк көтергіш құрылғылар және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 25 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- жолдың жүру бөлігінің жобалық енінен және бойлық еңістен ауытқуға жол берілуі;
- кемерлерді өңдеу кезінде жобалық кемерден ауытқуға жол берілуі (кемердің биіктігі, қосарланған кемер);
- тау-кен жабдығын ақаулы өрт сөндіру құралдарымен пайдалануға жол беру және басқалар болып табылады.
Апатты жою жоспарына сәйкес «Зевс Энерго» ЖШС авариялық-құтқару қызметін тарта отырып, оқу жаттығуы өткізілді (тау-кен көлігі механизмінің жануы). Жаттығу қорытындысы шығарылып, ескертулерді жою бойынша ұсынымдармен Акт берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті