АФК «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» тексеру нәтижелері

АФК «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес АФК «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі мұнай өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 23 объекті (қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, техникалық құрылғылар және ұңғымалар) тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 15 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- ЖҚС-да өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бекітілген және келісілген жобалау құжаттамасының болмауы;

- сұйықтық дайындау блогында және тиеу-айналым сорғыларында желдеткіш жұмыс істемейтіндігі;

- жабдықтар мен аппараттар коррозиядан қорғалмағандығы;

- ұңғымаларды пайдалану кезінде қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етпеуі;

- жерасты резервуарларын техникалық куәландыруды жүргізуді қамтамасыз етпеуі;

- резервуарлар негізінің шөгуін өлшеу үшін терең реперлердің болмауы және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті