
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Промвзрыв» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жарылыс жұмыстары және жарылғыш заттар өндірісі болып табылады.
Тексеру барысында жарылғыш материалдардың базистік қоймасы және жарылғыш материалдарды дайындау пункті тексеріліп, бұл ретт өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 297-бабы 1-бөлігі және 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұлдар түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- кәсіби авариялық-құтқару қызметімен жарылғыш материалдарды сақтау қоймасына қызмет көрсетуге шарт жасалмағандығы;
- Жарылғыш материалдарды сақтау қоймасындағы аварияларды жою жоспары кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісілмегендігі;
- жарылғыш материалдарды сынау және жою үшін жағдайлар қамтамасыз етілмегендігі (полигон мен зертхананың болмауы);
- жарылғыш материалдарды қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық регламентте ұңғыманы зарядтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жарылғыш материалдарды қорғау тәртібінің болмауы болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізіліп, тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті