«Центр-БВР» ЖШС тексеру нәтижелері

«Центр-БВР» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Центр-БВР» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жарылыс жұмыстары және жарылғыш заттар өндірісі болып табылады.

Тексеру барысында жарылғыш материалдар қоймасы және жанар-жағармай материалдары қоймасы тексеріліп, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 13 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 297-бабы 1-бөлігі және 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұлдар түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- кәсіби авариялық-құтқару қызметімен жарылғыш материалдарды сақтау қоймасына қызмет көрсетуге шарт жасалмағандығы;

- Жарылғыш материалдарды сақтау қоймасындағы аварияларды жою жоспары кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісілмегендігі;

- механикаландырылған пункттерде жарылғыш материалдарды дайындауға оқудан өтпеген, емтихан тапсырмаған, куәлік алмаған және тағылымдамадан өтпеген адамдар жіберілгендігі;

- оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу жоспарлары мен актілерінің болмауы болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті