
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Приишимье» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі астықты сақтау және жүзеге асыру болып табылады.
Тексеру барысында 61 объекті (ғимараттар мен құрылыстар, жүк көтергіш механизмдер, мұнай базалары, астық сақтау қоймалары және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- ұйым басшысы бекіткен және АҚҚҚ-мен келісілген аварияны жою жоспарының болмауы;
- таңба немесе пломба бере отырып, манометрлерге жыл сайын тексеру жүргізілмегендігі;
- вагонның төбесінде жұмыс жүргізу кезінде монтаждау белдігін бекітуге арналған тростық аспаның болмауы;
- астық кептіргіштің ыстық конструкциялық бөліктерінің жылу оқшаулағышы ішінара болмауы;
- резервуарларды тазарту актілерінің болмауы;
- сепараторларда тығыздалған және шаң өткізбейтін қарау люктерінің болмауы және басқалары болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті