«Возвышенка Астык» ЖШС тексеру нәтижелері

«Возвышенка Астык» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Возвышенка Астык» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өсімдік шикізатын сақтау және өңдеу болып табылады.

Тексеру барысында элеватор, жанар жағармай қоймасы, жолаушы лифті және басқалар тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 22 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және газдан құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметінің болмауы;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерді (элеватор, кептіру-тазалау мұнарасы, ЖЖМ сақтауға арналған қойма) есепке қою туралы ақпараттың болмауы;

- ұйым басшысы бекіткен және кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісілген аварияларды жою жоспарының болмауы;

- пневмокөлік және аспирациялық қондырғылардың ауа өткізгіштерінде, өздігінен ағатын құбырларда олардың герметикалығын бұзатын тесіктерге, жарықтар мен саңылаулардың болуына жол беруі болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті