
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екенші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Sherubai Komir» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі ашық әдіспен көмір өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 10 объекті (тау-кен жұмыстарын жүргізу карьері, автомобиль жолдары, жыныс үйіндісі және басқалары) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 20 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- жауапты тұлғалармен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленбеген;- қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленбеген;- карьерде және жыныс үйіндісінің түсіру алаңдарында электр жарығы болмауы;- жұмыс алаңының сақтандырғыш қоршау білігі кей жерлерде жобалық биіктікке сәйкес келмейді және басқалар болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті