«Ривал Эквипмент Сервисиз» тексеру нәтижелері

«Ривал Эквипмент Сервисиз» тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Ривал Эквипмент Сервисиз» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын биіктікте қауіпсіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету саласында өз қызметін жүзеге асырады, Еуропаның 17 елінде, Таяу Шығыс, Бразилия, Үндістан және Қазақстанда өкілдіктері бар, 13 000 бірлік көтергіштер, телескоптық және ашалы тиегіштерді ұсыну мүмкіндігі бола тұра, әлемдегі көтергіш жабдықтарды жалға алу және сату бойынша жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Кәсіпорын борттық бұрылысы бар тиегіштерді, шынжыр табанды ықшам тиегіштерді, шағын экскаваторларды, ауа компрессорларын, генераторларды, жарықтандыру жүйелерін, ауа жылытқыштарын және жүктеме батареяларын, сондай-ақ тікелей өндірушіден алынатын түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді ұсынады.

Тексеру барысында кәсіпорынның өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша ұйымдастыру-рұқсат беру құжаттамасы қаралды, 15 қауіпті өндірістік объекті (жүк көтергіш механизмдер) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 19 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті