
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС №1,2,3 Жезқазған байыту фабрикаларының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын кенді ұсақтау, жіктеу, көбікті флотациялау әдісімен өңдеумен айналысады. Нәтижесінде мыс концентратын шығарады.
Тексеру барысында 52 объекті (ғимараттар мен құрылыстар, металл сақтайтын орындар, жұмыс орындары және оның жолдары, адамдардың жүру бағыттары және жүктің тасымалдау бағыты, стационарлық компрессорлық станция, ауа жинағыштар, баллондарды сақтау қоймалары және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 274 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- цехта металдарды жинақтау қажетті технологиялық құрылғы мен бейімдеулерді пайдаланбай жүргізу;
- өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстардың сараптамалық қорытындысының ұсынымдары толық көлемде орындалмау;
- жұмыс орындарын және оларға кіреберістерді, адамдар мен жүктерді тасымалдау жолдарын үйіп тастауға жол беруі;
- жұмыс істемейтін газанализаторды реагенттерді сақтау қоймасында пайдалануға жол беру;
- қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталмауы және басқалар болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа 5 бірлік қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды тоқтата тұру туралы талап арыз жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.
Сонымен, тоқтата тұру туралы акт:
- нормативтік қызмет мерзімін өтеген флотомашинаның 2 бірлігіне;
- нормативтік қызмет мерзімін өтеген кептіру барабанының 2 бірлігіне;
- құрылыс конструкцияларының жай-күйінің техникалық қорытындысының нәтижелері бойынша қойыртпақ сорғы ғимаратына берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралып, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті