Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған жұмыс түрлері бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғалардың назарына

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған жұмыс түрлері бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғалардың назарына

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлайды!

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 1-тармағына сәйкес, заңды тұлғалар:

1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасын жүргiзу;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;

3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;

4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

5) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.

Тиісті аттестаттың болмауына қарамастан, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестаттауға жататын қызметтерді көрсету, жұмыстарды жүргізу фактілері анықталуда.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен тиісті рұқсаттарсыз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

Комитет аттестатты басқа жұмыс түрлерін жүргізу үшін пайдалануға жол бермеу туралы ескертеді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті