Қарағанды облысының кәсіпкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған жұмыс түрлері бойынша тиісті құқықтарының болмауына қарамастан қызметтер көрсеткен

Қарағанды облысының кәсіпкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған жұмыс түрлері бойынша тиісті құқықтарының болмауына қарамастан қызметтер көрсеткен

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен, «General Electric» ЖК, «Elevator» ЖК және В.Б. Варнело ұйымдарының лифтілерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алуын өткізуге қатысты «Әділ жолы» Республикалық қоғамдық ұйымынан өтінішін қарау барысында, аталған ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталған жұмыс түрлері бойынша, осы салада жұмыстар жүргізу құқығына тиісті аттестаттарының болмауына қарамастан, қызмет көрсеткені анықталды.

Департаменттің мемлекеттік инспекторларымен «General Electric» ЖК, «Elevator» ЖК және В.Б. Варнело қатынасты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс материалдары, олардың тіркелген жері бойынша әкімшілік соттарға жолданды.

Департамент өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдар басшыларының атына, аттестаттарды басқа жұмыс түрлерін жүргізу үшін пайдалануға жол бермеу туралы хаттар жолданды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті