Осыдан тура бір жыл бұрын Жамбыл облысындағы әскери қоймалардың біріндегі жарылыс ондаған адамның өмірін қиды. Олардың көбі, өздерінің қызметтік міндеттерін орындай отырып, батылдықпен отқа кірген өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери қызметшілер.
Бүгін Тараз қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру учаскесі аумағында орнатылған мемориалдық алаңда Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, азаматтық қорғау органдарының орталық және аумақтық бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, қаза болғандардың жақындары мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен жанқиярлығы мен отан алдында қызметтік міндеттерін адал атқарған қаһармандар мәңгілік есімізде.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті