Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Танабаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаеваның, ШҚО ТЖД Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекторы, азаматтық қорғау подполковнигі Болат Тоқтарғалиевтің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша алдын алу» тақырыбына семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері Гүлнұр Бекбаева «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес әдістері және жаза түрлері туралы» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының нормаларын талқылады.

Мемлекеттік қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң және толық басшылыққа алуы тиіс екендігіне ерекше назар аударылды.

Баяндамашыларды тыңдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша туындаған мәселелер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында келесі ұсынымдар берілді:

- тұрақты негізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңнамасының, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтерді қатаң түрде бір терезе қағидаты бойынша көрсету ережелеріне сәйкес көрсету;

- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау бойынша жұмысты жалғастыру;

- күн сайын бөлім басшылары Департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша нұсқаулықтар жүргізу;

- Қазақстан Республикасының Этикалық кодексін сақтау мақсатында Департамент қызметкерлері қызметтен тыс уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайымдылық танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдық имандылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қолсұғушылықпен ұштасқан заңнама талаптарын бұзуға жол бермеуге және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартпауға міндетті.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті