«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ берен» Қызылорда филиалын тексеру нәтижелері

«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ берен» Қызылорда филиалын тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы» ЖШС «Ақ берен» Қызылорда филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі атқыламаға қарсы, газдан құтқару, профилактикалық және техникалық жұмыстарды, сондай-ақ өрттерді сөндірумен, алғашқы медициналық көмек көрсетумен байланысты жұмыстарды орындау болып табылады.

Тексеру барысында: өндірістік базаның автомобиль паркі, оқу-жаттығу полигоны, жылу төзімділігіне арналған жаттығу кешені тексеріліп, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 1 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылық қаралды, оны жою мерзімі талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларынның» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті