Мемлекеттік қызметке алғаш кірген өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары ант қабылдады

Мемлекеттік қызметке алғаш кірген өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары ант қабылдады

2022 жылдың 25 тамызында «30 тамыз – Конституция күнін» мерекелеу аясында, мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағыдайлар министірлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Тараз қаласы, «Жеңіс» саябағында орналасқан «Даңқ залы» қабырғасында салтанатты түрде өткізілді.

Іс-шара барысында Химия және металлургия өнеркәсібін мемлекеттік қадағалау бөлмінің бас маманы Ержан Шамшадинович Қанатбаев және Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар обьектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Жасұланұлы Жайық Қазақстан Республикасы мемлекетттік қызметшісінің антын қабылдады.

Департамент басшысы Т.Т. Байзақов мамандарды ант қабылдауымен құттықтады және мемлекеттік қызметте қажырлы еңбектеріне табыс, кәсіби өсу, еліміздің дамуына белсенді атсалысуларына тілек білдірді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті