«Бурение и К» ЖШС тексеру нәтижелері

«Бурение и К» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Бурение и К» ЖШС-нің қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі мұнай және газ кен орындарын бұрғылау және мұнай және газ кен орындарындағы ұңғымаларды жер асты күрделі жөндеу болып табылады.

Тексеру барысында «Құмкөл» кен орнындағы ZJ-30 маркалы мобильды бұрғылау қондырғы, «Қарабұлақ» кен орнындағы УПА-60/80 маркалы ұңғыманы жер асты күрделі жөндеу көтергіш қондырғы және КС-45717-1 автокраны тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 22 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті