
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Caspian Offshore Construction Realty» (Каспиан Оффшор Констракшн Реалти) ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын Қазақстанның батыс өңірінде жұмыс істейтін мұнай-газ және басқа да компаниялар үшін тұру және толық қызмет көрсету қызметтерін ұсынады.
Тексеру барысында 10 объекті (автоматтандырылған газ тарату станциясы, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері) тексерілді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 10 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт әзірленбеген;
- авариялар мен инциденттерді есепке алу журналы болмауы;
- уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою туралы ақпараттың болмауы;
- ыдыстарға дайындаушы зауыттың паспорты және дайындаушы ұсынатын монтаждау, жөндеу және қарау жөніндегі нұсқаулықтың болмауы болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың» және «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті