
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Фрак Джет» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі сервистік қызмет көрсету болып табылады, атап айтқанда: ұңғымаларды жөндеу, колтюбингтік технологиялар, ағынды интенсификациялау, мұнай бергіштігін арттыру, гидродинамикалық зерттеулер, азот компрессорлары, қабатты гидрожарғату.
Тексеру барысында көтергіш агрегат, цементтеу агрегаты және басқалар тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298 бабы 1 бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті