Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша цифрлық жобаны іске қосты

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша цифрлық жобаны іске қосты

2022 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның шеңберінде «Safety Management System» жобасын іске асыру көзделген.

Жобада қауіпті өндірістік объектілер, қауіпті техникалық құрылғылар, өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар туралы ақпаратты, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша барлық қажетті құжаттаманы қамтитын «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» блогы қарастырылған.

Бұл блог жабдықтардың өнеркәсіптік қауіпсіздігінің тізбелерінің, кестелерінің, тексеру және техникалық куәландыру актілерінің, ревизиялардың, сипаттамалары мен сараптамаларының, өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстарды тексеру және диагностикалау жөніндегі құжаттаманың болуын көздейді.

Сондай-ақ, жұмыстарды жоспарлау, жабдықтарды пайдалану мерзімдерін бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын уақтылы жүргізу туралы автоматты түрде еске салу, сараптама нәтижелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік құжаттарын (декларацияларды, сақтандыру шарттарын және т.б.) есепке алу мүмкіндігі бар.

Министрлік «Safety Management System» жобасының функционалына қашықтықтан қосылу құралдары бойынша техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті