
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Қ. Пішембаев ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Қ. Макажановтың ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметінің нәтижелері туралы баяндамасын тыңдады.
Вице-министр өнеркәсіптік объектілерде авариялардың туындау қаупін біртіндеп азайтуды қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Вице-министр бірқатар тапсырмалар берді, соның ішінде Өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу, өнеркәсіптік объектілерде авариялардың туындау қаупін азайту бойынша қажетті шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету және инспекторлық құрамның білім деңгейін тұрақты негізде арттыру.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті