
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Мамандандырылған энергия-жөндеу басқармасының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Басқарманың негізгі қызмет түрі тұрақты және айнымалы токтың электр машиналарын, күштік трансформаторларды жөндеу; электр жабдықтарын іске қосумен электр жабдықтарын пайдалануға беру болып табылады.
Тексеру барысында 25 объекті (ғимараттар мен құрылыстар, металл сақтайтын орындар, жұмыс орындары және оның жолдары, адамдардың жүру бағыттары және жүктің тасымалдау бағыты, баллондарды сақтау қоймалары және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 12 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- енгізілген деректері нақты көрінбейтін оттегі баллондарын пайдалануға жол беру;
- жүк ілмегінің сақтандыру құлпының деформациялануы;
- арқалықтың бойлық және шеткі қоршауының ішінара деформациялануы және басқалары болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралып, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті