
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Жоғары технологиялар институты» ЖШС «ЖТИ-ЗЕРДЕ» филиалынның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі әр түрлі шикізат пен қосарлы өнімдер, кендер, концентраттар, металдар, ерітінділер, иониттер және басқа да материалдарды химиялық талдау болып табылады.
Тексеру барысында «Қанжуған», «Орталық Мойынқұм», «Шығыс Мыңқұдық», «Орталық Мыңқұдық» және «Қаратау» кеніштерінің сынақ зертханалары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 17 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- химиялық агрессивті заттар сақталатын прекурсорлар қоймасының үй-жайларында коррозияға қарсы оқшаулау және желдету құрылғыларынның бояуы болмауы;
- «Мыңқұдық» кенішіндегі физика-химия зертханасында төгілген сұйықтықты бейтараптандыру және жинау жүзеге асырылмағандығы;
- «Мыңқұдық» кенішіндегі физика-химия зертханасының желдеткіш жүйесінің жабдығы жерге қосылмағандығы;
- зертхана дистилляторында тұзды шөгінділердің болуы;
- зертханада көлемі 1 литрден асатын шыны сауыттарда концентрацияланған күкірт қышқылын сақтауға жол берілуі және басқалар болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті