«Мирс-Плюс» ЖШС тексеру нәтижелері

«Мирс-Плюс» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Мирс-Плюс» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі мұнай өнімдерін сақтау болып табылады.

Тексеру барысында 8 нысан тексерілді (резервуарлық парктар, теміржол эстакадаллары, дизель отынын айдау сорғысы станциялары және автоқұю эстакадасы), өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 20 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңды тұлғалардың басшыларын, мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауы;

- оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу актілерінің болмауы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу туралы жазбаша хабардар ету;

- резервуарлардың базалық биіктігін өлшеу хаттамасы ұсынылмағандығы;

- резервуарларды техникалық бақылау бойынша нұсқаулықтың болмауы;

- технологиялық құбырларға тексеру жүргізу мерзімі сақталмағандығы (3 жылда 1 рет);

- технологиялық құбырлардың беріктігі мен герметикалығына гидравликалық сынақтар жүргізілмегендігі;

- резервуарларды толық немесе ішінара тексеру нәтижелері ұсынылмағандығы;

- сорғы станцияларының үй-жайларында жарылыс қауіпті концентрациялардың газ талдағыштарының болмауы;

- теміржолдардағы төгу-құю эстакадаларына қойылатын талаптар сақталмауы, атап айтқанда төгу-құю эстакадасының қайырмалы көпірлерінде жасырын бұрандамалары бар ағаш төсеуіштер немесе резеңке төсемдердің болмауы және басқа да бұзушылықтар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті