«Алматыгаз» абоненттік есептеу орталығы» ЖШС тексеру нәтижелері

«Алматыгаз» абоненттік есептеу орталығы» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Алматыгаз» абоненттік есептеу орталығы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған ұйымына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында оқу ғимараты мен арнайы жабдықталған сыныптың (дәрісхананың) компьютерлік оқу және емтихан қабылдау бағдарламаларымен, әдістемелік құралдармен және нормативтік құжаттар базасымен жабдықталуы тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын 3 бұзушылық анықталды және ҚР ӘҚБтК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылық қаралды, оны жою мерзімі талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті