«СИГМА» ЖШС тексеру нәтижелері

«СИГМА» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес СИГМА» ЖШС қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының мынадай бұзушылықтары анықталды:

- газбен жабдықтау объектілерінде үш жылдан астам техникалық білімі және практикалық жұмыс тәжірибесі бар кемінде бес тұрақты жұмысқа ресімделген;

- газбен жабдықтау жүйелеріне зерттеу жүргізу, техникалық құрылғыларды, материалдарды пайдаланудың қалдық мерзімін айқындау жөніндегі есептерді жүргізу және газбен жабдықтау жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу әдістемесінің болмауы;

- меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік ғимарат пен жабдықтар (цех, шеберхана), станоктық парк, механизмдер, құрал-саймандар, бақылау-өлшеу аспаптарының болмауы;

-көрсетілетін қызметтердің сапасын өндірістік бақылауды және метрологиялық бақылауды (бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі мамандар, бақылаудың бұзбайтын әдістерінің мамандары мен аспаптары) қамтамасыз ететін қызметтер болмауы.

Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және аттестаттың қолданылуын екі ай мерзімге тоқтата отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылық қаралды, оны жою мерзімі талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті