«Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша «Кедентранссервис» АҚ филиалының тексеру нәтижелері

«Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша «Кедентранссервис» АҚ филиалының тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша «Кедентранссервис» АҚ филиалының қауіпті техникалық құрылғыларыға тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі логистика, жүктерді қоймаға қою және теміржол көлігімен тасымалдау болып табылады.

Тексеру барысында 6 объекті (тіреуіш крандар), тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 4 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті