«Intercom Engineering» ЖШС тексеру нәтижелері

«Intercom Engineering» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Intercom Engineering» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған ұйымына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өзге де сымсыз телекоммуникациялық байланыс болып табылады.

Тексеру барысында арнайы жабдықталған сыныптар тексерілді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 1 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылық қаралды, оны жою мерзімі талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті