Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Мыңарал Тас Компани» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі әктас және балшықты тақта тас өндіру болып табылады.
Тексеру барысында карьер және тау-кен көлік жабдығы тексерілді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша заңнама талаптарының бұзушылығы анықталған жоқ.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті