«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС –«ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалын тексеру нәтижелері

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС –«ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалын тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС –«ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын темір жол көлігімен жүк тасымалдаумен айналысады, бұл ретте қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланады.

Тексеру барысында жүк көтергіш құрылғы, қысыммен жұмыс істейтін жабдық және компрессорлық станция тексерілді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша заңнама талаптарының бұзушылығы анықталған жоқ.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Компрессорлық станциялардың пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті