
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екенші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Ембаведьойл» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: мұнай кен орнын барлау, игеру және пайдалану, көмірсутек шикізатын өндіру, тасымалдау, экспорттау және маркетинг болып табылады.
Тексеру барысында ұңғымалар қоры, мұнай мен газды жинау және дайындау пункттері, резервуарлар, сорғы станциялары, топтық өлшеу қондырғылары, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жүк көтергіш механизмдер және басқалар тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 13 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою, есептен шығару туралы ақпараттың болмауы;
- оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу жоспарлары мен актілерінің болмауы;
- газ талдау құралдарын тексеру актісінің болмауы;
- жұмыс орындарын, объектілерді жарықтандырумен қамтамасыз етпеу;
- дренаждық құрылғылармен дренаждалатын өнімді қайта пайдаға асырудың жабық жүйесіне қамтамасыз етілмегендігі және басқалары.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті