
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екенші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Атыраугидрогеология» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Компания гидрогеологиялық жұмыстардың барлық кешенін жүзеге асырады, соның ішінде жобалау, жер асты суларының қорларын бағалай отырып, геологиялық есеп жасау, бұрғылау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды орындау. Бұдан басқа, газ бен мұнайға ұңғымаларды бұрғылау, ұңғымаларды жерасты (күрделі, ағымдағы) жөндеу бойынша қызметті жүзеге асырылады.
Тексеру барысында бұрғылау қондырғылары, ұңғымаларды жөндеуге арналған көтергіш агрегаттар тексеріліп, бұл ретт өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 5 бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті