
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Батыс Мэнпауэр Солюшнс» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаға тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау, өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізу, сондай-ақ газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету болып табылады.
Тексеру барысында материалдық-техникалық жарақтандыру, өндірістік ғимараттар мен жабдықтар (цех, шеберхана) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 3 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 299-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптардың» нормалары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті