«Тимирязевский элеватор» ЖШС тексеру нәтижелері

«Тимирязевский элеватор» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Тимирязевский элеватор» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өсімдік шикізатын сақтау және өңдеу болып табылады.

Тексеру барысында 19 объекті (кептіру-тазалау мұнарасы, элеватор, мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлар, жүк көтергіш механизмдер (лифтілер) және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 17 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды (элеватор, астықты еденде сақтау қоймалары) тексеру және диагностикалау сараптамасының ұсынымдары орындалмағандығы;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңды тұлғалар басшыларының білімін тексеруді қамтамасыз ету бойынша талаптар сақталмауы (заңды тұлғаның басшысы білімін тексеруден өтпеген);

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен қауіпті өндірістік объектілерде газдан құтқару жұмыстарын жүргізуге шарт жасалмағандығы;

- жеке кәсіби авариялық-құтқару қызметінің болғанадығы;

- кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісілген ҚҚБ аварияларын жою жоспарының болмауы;

- оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу жоспары мен актілердің болмауы, қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент болған жағдайда жұмыскерлерді іс-қимылдарға оқытуды қамтамасыз етпеу;

- механикаландырылған астық қоймаларында жұмысшыларды құйғышқа тартудан қорғайтын тік бағаналардың (пирамидалық торлар) болмауы;

- резервуарларды тазалау бойынша мерзімділік сақталмауы (екі жылда бір реттен кем емес);

- резервуарларды ішінара тексеру нәтижелерінің болмауы;

- техникалық құрылғыларға паспорттардың болмауы және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының», «Көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті