«Ақтас» ЖШС тексеру нәтижелері

«Ақтас» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Ақтас» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі әк тас шикізатын өндіру болып табылады.

Тексеру барысында каръер және тау-кен көлік жабдығы тексеріліп, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заң талаптарының 6 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заң талаптарының басты бұзушылықтары:

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- адамдардың аумақ бойынша жаяу жүргіншілер жолымен немесе автожолдардың жиектерімен автокөлік қозғалысының бағытына қарай жүріп-тұру маршруты болмауы;

- ернеулердің, еңістердің, кемерлер мен үйінділердің өзгеруін бақылау бойынша тексеру және аспаптық бақылау кезеңділігін белгілейтін технологиялық регламенттің болмауы;

- авариялар мен инциденттерді есепке алу журналының болмауы және басқалары болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті