Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде бейнеконференцбайланыс режимінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің және мемлекеттік инспекторлардың міндеттері жүктелген Қостанай облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй инспекцияларының өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қатысушылар газбен жабдықтау жүйелері нысандарын, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелерін, сондай-ақ лифтілерді/лифт шахталарын және ұқсас жабдықтарды пайдалану бөлігінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелерін талқылады.
Газ-ауа қоспасының жарылысымен және тұрмыстық газ баллондарының жарылыстарымен байланысты соңғы оқиғаларды ескере отырып, төмендегілер:
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін және жеке тұрғын үйлерді, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін, газ толтыру станцияларын және газ толтыру пункттерін, автогаз құю станцияларын аралауды жүзеге асыратын жедел топтардың жұмысын жалғастыру;
- әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындарымен көрсетілген жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаты бар заңды тұлғалармен лифтілерге/лифт шахталарына және ұқсас жабдықтарға қызмет көрсетуге шарттар жасасу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Кеңес соңында жергілікті атқарушы органдар мамандарының ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті