«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» Магистральдық газ құбыры басқармасы» Филиалын тексеру нәтижелері

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» Магистральдық газ құбыры басқармасы» Филиалын тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облсы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қостанай» Магистральдық газ құбыры басқармасы» Филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Қостанай облысының аумағы арқылы магистральдық газ құбырлары арқылы табиғи газдың транзиті болып табылады.

Тексеру барысында 21 объекті (ғимараттар мен құрылыстар, газ толтыру станцияларының жабдықтары, магистральдық газ құбырлары, кран тораптары және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 7 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының біліміне тексеру жүргізу туралы сертификаттардың ұсынылмауы;

- ұйым басшысы бекіткен және кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісілген аварияларды жою жоспарының болмауы;

- ұсынылған өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясында қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтер енгізілмегендігі; – «Тобыл-Әулиекөл» бұрылу газ құбыры, Әулиекөл газ бөлу станциясы;

- автомобиль жолымен қиылысу учаскесінде «тоқтауға тыйым салынады» жол белгісі бүлінгендігі (Әулиекөл ауданының Москалевка және Тимофеевка ауылдары арасында);

- ауыстырып қосу блогында орналасқан манометрлерде ең жоғары қысым қатерінің болмауы және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті