
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Алтын Бидай Ұзынкөл» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі астықты сақтау және қоймалау болып табылады, бұл ретте кәсіпорын қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланады.
Кәсіпорын астықты маштаптау және сақтау етумен айналысады, бұл ретте кәсіпорын қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланады.
Тексеру барысында 16 объекті (элеватор, лифт, астық қоймалары және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 19 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- аса шаңды жағдайларда жұмыс істеуге арналған шлангілі газтұтқыштың болмауы;
- өндірістік үй-жайларда шаңды жинау кестесінің болмауы;
- қауіпті өндірістік объекті – элеватор және онда пайдаланылатын 2013 жылы шығарылған, жолаушылар лифтісі есепке қойылмағандығы;
- ескерту жазулары бар, астықпен қоймаларды тиеу биіктігінің көрсеткіштерінің болмауы және басқалары болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті