
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «KTZ Express» АҚ - «KTZE-Южный» филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі контейнерлерді жөндеу болып табылады, бұл ретте кәсіпорын қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланады.
Тексеру барысында ғимараттар мен құрылыстар, жүк көтергіш механизмдері және басқалар тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 8 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- қызметтің нормативтік мерзімі біткен қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуды жүзеге асырмау;
- өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстарға уақтылы тексеруді және диагностикалауды жүзеге асырмау;
- қауіпсіздік аспаптары мен құрылғылары істемейтін, сондай-ақ кезекті техникалық куәландырусыз жүк көтергіш крандарды пайдалануға жол беру және басқалары болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті