«Сокур Көмір» ЖШС тексеру нәтижелері

«Сокур Көмір» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екенші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Сокур Көмір» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Компанияның негізгі қызметі ашық әдіспен көмір өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 12 объекті (автомобиль жолдарын, жыныс үйіндісі және басқалар) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 23 бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- жұмыс алаңының сақтандырғыш қоршау білігі кей жерлерде жобалық биіктікке сәйкес келмейтіндігі;

- үйінділерде автомобильдер мен көлік құралдарының қозғалыс схемасы орнатылмағандығы;

- жыныс үйіндісінің түсіру алаңы екі жағынан түсіру және жоспарлау аймағының белгілерімен белгіленбегендігі және басқалары болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті