
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Дальпродукт» ЖШС қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі түрлі алкогольсіз сусындар өндіру болып табылады.
Тексеру барысында қазандық пен қысыммен жұмыс істейтін ыдыс тексерілді, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 8 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа қауіпті техникалық құрылғыны (қысыммен жұмыс істейтін, нормативтік қызмет мерзімін өтеген көміртегі қос тотығының ыдысы) пайдалануға байланысты қызметті тоқтата тұру туралы талап арыз жіберу түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті