
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «СЕВКАЗТАС»» ЖШС-ның қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 5 объекті (карьер, ұсақтау-елеу алаңы және т.б.) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 22 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою туралы ақпараттың болмауы;- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда тіркелген және бекітілген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының болмауы;- автокөлікпен кенді беру кезінде қабылдау бункерінің түсіру алаңында автомашиналардың бункерге домалауын болдырмайтын тіреулердің болмауы және басқалар болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті